Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де “Qimyldama” тележобасының шығармашылық ұжымы марапатталды

Ішкі істер министрлігінде “Qimyldama” телехикаясының шығармашылық ұжымы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

15 бөлімнен тұратын жобада қарапайым блогер жігіттің полиция қызметіндегі қиындықтармен бетпе-бет келуі көрсетіледі. Шынайы оқиғаларға негізделген сценарий, әр рөлге бекітілген актерлер, түсірілім тобының ауызбіршілігі өз жемісін берді. Тәртіп сақшылары туралы сериалды жұртшылық қана емес, ішкі істер министрі де жоғары бағалады.

– Жалпы полиция жұмысының жақсылығын да, ауыр тұстарын да халыққа жеткізіп, көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді ведомство басшысы Ержан Саденов.

Телехикаяның мақсаты – сақшылардың тынымсыз жұмысын жан-жақты көрсетіп, ішкі істер органдары мен азаматтар арасын жақындата түсу.

Қонақтар тың идеяларымен қызықты туындыларды жарыққа шығарып, отандық жобалардың жанкүйерлерін әлі талай қуантатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру