Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып Василий Скляр тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін ІІМ басшысы жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.
Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген, заңгер, құқық магистрі. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы, қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар облысы Екібастұз қалалық Полиция басқармасын басқарған. Полиция полковнигі арнайы атағы бар.