Қызылорда облысының тұрғыны үйінде аңшы мылтығын заңсыз сақтаған
Қызылорда облысының тұрғыны үйінде аңшы мылтығын заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 27 қаңтар күні сағат 15:06 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 31 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ 16-калибрлі бір ұңғылы, құжатсыз, нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.