Павлодар облысы полициясының басшысы оқушылармен кездесті
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар полиция қызметінің негізгі бағыттарымен, ведомство жұмысының қағидаттарымен және ерекшеліктерімен танысты.
– Қазір бізге ішкі істер органдарында адал және абыроймен қызмет еткісі келетін белсенді жастар қажет. Сіздердің әрқайсыларыңызға жақсы білім алуларыңызды және болашақта туыстарыңыздың, мектептің және жалпы еліміздің патриоты мен мақтанышы болуларыңызды тілеймін, – деді Василий Скляр.
Департамент бастығы жастарға полицияға қызметке кіру тәртібін және бүгінгі қоғамның талабын түсіндірді.
Экскурсия полиция ведомствосының жауынгерлік даңқ мұражайының қабырғасында жалғасты, онда қонақтар Павлодар милициясы мен полициясының тарихы мен қалыптасуы туралы баяндайтын шынайы экспонаттармен танысты.
Әрі қарай балаларға жедел басқару орталығының жұмысын «ішінен» көруге мүмкіндік берілді. Оқушылар қала көшелерінде және өңір мектептерінде орнатылған бейнекамералардың көмегімен құқық бұзушылықтардың қалай тіркелетініне куә болды, «102» операторларының шақыруларды қалай қабылдайтынын және құқық бұзушылық орнына авто және жаяу патрульдердің қалай жіберілетінін тамашалады.
– Мектеп ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін әрбір оқу орнына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері бекітілді. Қылмыстық әлем туралы мифті жасөспірімдерді қылмыс жасауға тартуға мүдделі адамдар жеке мүдделерін қанағаттандыру үшін жүктейді, – деп жалғастырды Василий Скляр.
Айта кету керек, оқушылар генералдың сөзін қызығушылықпен тыңдады. Қызмет өткеру шарттары, ұялы телефон ұрлығының алдын алу, сондай-ақ кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара соңында Василий Скляр бұл кездесу соңғы болмайтынын, алда әлі де көптеген жоспарлар мен бірлескен іс-шаралар күтіп тұрғанын, ал барлық ниет білдірушілер Павлодар полициясының қатарын әрдайым толықтыра алатынын атап өтті.