Павлодар облысында 1946 жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодар облысында 1946 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүру, өткелде жаяу жүргіншілерді өткізбеу және қарсы көліктің жүруіне арналған жолаққа шығу жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтардың бірі болып табылады.
Ережелерді сақтамаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын: жаяу жүргіншілерге немесе басқа көлік құралдарына соқтығысуды тудыруы мүмкін. Өте шыдамсыз жүргізушілер бағдаршамды, ережені елемейді. Сонымен қатар, бұл бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
– Мысалы, Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының инспекторлары Гагарин көшесі бойынша бағдаршамның сары сигналына шығып, жол жүру ережелерін бұзған 30 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатты. Осыған ұқсас бұзушылықты М.Жүсіп көшесімен келе жатқан «КИА» маркалы автокөлігімен тағы бір жүргізуші жасаған. Тәртіп бұзушы автоәуесқойлар ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Павлодар өңірінде осы бұзушылық үшін 1946 жүргізуші жазаға тартылды.