Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мектептердегі қауіпсіздік бойынша жұмыс кездесуін өткізді

СҚО полицейлері мектептердегі қауіпсіздік бойынша жұмыс кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері жұмыс кездесуін өткізіп, мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шарттарын талқылады.

СҚО әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко, жергілікті полиция қызметі басшылығы, ПД күзет қызметін бақылау бөлімі мен жеке күзет ұйымдарының басшылары – жұмыс кездесуіне барлық мүдделі тараптар қатысты.

СҚО аумағында 470-тен аса мектеп орналасқан. Оның ішінде 46-ы облыс орталығында, қалғандары облыс аудандарында. КҚББ бастығы Руслан Данияров мамандандырылған күзет және “дабыл кнопкасымен” облыстың барлық мектебі бірдей қамтылмағаны туралы ақпарат берді.

Бейнебақылау камералары, “дабыл кнопкасы”, адамдар күзеті бекеті – сенімді қауіпсіздіктің кепілі болатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қандай да бір пәрменді әдіс жоқ. Барлық техникалық жабдықтардың мүмкіндіктерін пайдаланған, сондай-ақ техжұмысшылардың, күзетшілердің де жұмысқа жауапты және адал қарауы маңызды. Сонымен қатар, ауылдық және қалалық объектілердің ерекшеліктерін ескерген жөн.

Жеке күзет ұйымдарының өкілдері түрлі объектілердегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету ауқымы жайлы тоқтала кетті. Алқалы түрде осы мәселенің негізгі ұйымдастырушылық тұстары қаралды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету облыстық полиция басшылығының ұдайы бақылауында. Осы бағыттағы аналитикалық, ұйымдастырушылық және практикалық жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру