Павлодар облысында 3 мыңға жуық үй жануарларының иелері жауапқа тартылды
Павлодар облысында 3 мыңға жуық үй жануарларының иелері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық полиция қызметкерлері жыл басынан бері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 2834 үй жануарларының иесін ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартты.
Мәселен, полицияға павлодар тұрғыны қоңырау шалып, Архангел көшесінде бір ит өткен-кеткендерге үріп, қорқытуда деп, жүгінді. Оның 10 жасар немересі де үйге кіре алмай тұр деді. Учаскелік полиция инспекторы иттің иесін анықтап, ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Иесі иттің көшеге қалай шығып кеткенін байқамағанын түсіндірді.
Тәртіп сақшылары Ережеге сәйкес жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кетуіне жол бермейтін жеке ауланың шекарасында ұстауы, ауланың кіреберісінде иттердің бар екендігі туралы ескерту тақтайшасы болуы тиіс екенін ескертеді.