Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 3500-ден астам көлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысында 3500-ден астам көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 3500-ден астам көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Тек соңғы тәулікте сегіз автокөлік орналастырылды. Оның ішінде төрт жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізген.

Мысалы, сағат 23.40-та Камзин көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Toyota» автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі мас күйінде болды, бұл медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік айыптұраққа қамалды.

Сол күні сағат 14.00 шамасында Лермонтов көшесінде тәртіп сақшылары «Volkswagen  Passat» автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шықты.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде сақтандыру жоқ екені анықталды. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, автокөлік айып тұрағына қамалды.

Айта кету керек, полицейлердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру