Павлодар облысында 386 интернеттегі алаяқтық тіркелді
Бүгінгі таңда адамдардың көпшілігі әртүрлі хабар алмасу бағдарламаларын пайдаланады және әлеуметтік желілерде аккаунттары бар. Көптеген адамдар үшін интернеттегі байланыс соншалықты күнделікті іс болғандықтан, ол толығымен тікелей байланысты алмастырды,-деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.Қылмыскерлерге жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін күрделі техникалық айлақтардың қажеті жоқ, адамдар олармен өздері бөліседі.
Әлеуметтік желілерде өздері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты орналастыра отырып, қолданушылар оларды мыңдаған адамдарға өздері жеткізеді, ал олардың бәрі бірдей сенімді емес. Желідегі байланыс көбінесе иесіздендірілген, ал профильді фотосуреттің артында ӘР АДАМ жасырылуы мүмкін. Сондықтан бейтаныс адамға Сіздің өміріңізге зиян келтіруі мүмкін мұндай мәліметтерді жарияламауыңыз керек. Есіңізде болсын, бейне және аудио хабарлар, сондай-ақ желілік корреспонденцияңыздың логинін киберқылмыскерлер сақтап, кейіннен заңсыз мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен, 2019 жылы Павлодар облысында интернеттегі алаяқтықтың 386 фактісі тіркелді.
Интернет-дүкендердің қызметіне қатысты алаяқтық жағдайлары жиі кездеседі. Ықтимал зардап шегушілерді алаяқтар не үшін тартады? Біріншіден, негізсіз төмен бағалар. Тауарларға тапсырыс беру кезінде олардан жедел төлем терминалы арқылы виртуалды әмиянға ақша салу арқылы алдын-ала төлем немесе тауар үшін толық төлем жасау сұралады. Әрі қарай, «дүкен» бірнеше күндер үшін сылтау жасайды және Сізге тауарларды мерзімінен бұрын жеткізуді уәде етеді, содан кейін ол із қалдырмай жоғалады немесе сапасы төмен тауарларды жібереді. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, алаяқтар телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан кезде, жәбірленушілер полицияға жүгінеді.
Мәселен, Екібастұз қаласының тұрғыны интернет-дүкен арқылы алаяқтарға 180 мың теңге жіберіп, қара күзен тонға тапсырыс берген. Қала тұрғыны тапсырыс берген тауарын алған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Азаматтардың сенімін қолдана отырып, банк шоттары мен жәбірленушілердің карточкаларынан ақша ұрлайды, сондай-ақ банктік қарыздар бойынша қарыздарды есептен шығаруға көмектеседі.
2019 жылы полицияға 72 азамат жүгінді, олар бойынша белгісіз адамдар микрокредиттік ұйымдардың әртүрлі сайттары арқылы онлайн несие алды. Жәбірленушілер олардың атына несие алу фактілері туралы, олар қарызды төлеу туралы СМС хабарлама ала бастаған кезде немесе қарызды қайтару туралы қоңырау түскеннен кейін білді.
Сонымен қатар, карт-шоттардан ақша жоғалтудың 29 фактісі тіркелді. Белгісіз біреулер ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілердің шоттарынан қаражаттарды шығарып алған.
Полиция қызметкерлері азаматтарды мұқият болуға, жеке ақпараттармен бөліспеуге ескертеді, мысалы: банктік карталар, PIN-кодтар, ЖСН туралы мәліметтерді тарату, СМС арқылы олардың мәліметтерін жіберу, жеке куәліктердің көшірмелері, банктік шоттарға байланған ұялы телефондар, өйткені алаяқтардың қулықтарына түсу ықтималдығы бар.