Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 41 көлік айыптұраққа қойылды

Павлодар облысы полицейлері қоғамдық көлік пен такси жүргізушілерінің жасаған бұзушылықтарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5-11 желтоқсан аралығында өткен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері  бойынша 356 автобустың техникалық сәйкестігі тексерілді. Айыппұл тұрақтарына 41 көлік қойылды. Анықталған бұзушылықтар үшін автопарктердің 27 лауазымды адамы ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы бойынша жазаланды.

– Көп жағдайда жүргізушілер маневр жасау ережелерін сақтамады. Бұған қатысты 148 факт тіркелді. 139 жүргізуші арнайы гарнитурасыз телефонмен сөйлесіп, рөлді басқарған. ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша жауапқа тартылды. 100 автокөлік жүргізушісіне қатысты белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін әкімшілік материалдар жасалды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ көліктің техникалық жағдайы үшін 84 адам жауапқа тартылды, 78 жүргізушіден міндетті техникалық тексеруден өтпеді, 74 көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін жазаланды, ал 16 адам жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Сондай-ақ полицейлер шығарындылардағы ластаушы заттардың нормаларынан асып кетудің 14 фактісін анықтады.

– Мәселен, 11 желтоқсанда Павлодар – Қызылорда автожолында Ресей Федерациясынан Өзбекстанға барған Mercedes автобусы тоқтатылды. Онда дәрі қобдишасы мен авариялық аялдама белгісі жоқ. Осы бұзушылықтар үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша жауапқа тартылды. Сол күні осы автожолда Моңғолия Республикасынан Астана қаласына баратын автобус тоқтатылды. Тексеру кезінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзғаны анықталды. Осы факт бойынша жүргізуші 572-баптың 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп атап өтті Қуаныш Мұстафинов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру