Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері бір күнде 6 мас жүргізушіні ұстады

Павлодар полицейлері бір күнде алты мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәуліктің ішінде Павлодар қаласындағы патрульдік полиция батальонының инспекторлары патрульдеу кезінде мас күйде көлік басқарған алты жүргізушіні анықтады.

– 11 желтоқсанда сағат 00.23-те Ткачев көшесінде 36 жастағы жүргізушінің басқаруымен Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Оның жүруі полицейлерге күдік туғызды. Бұл куәландыру нәтижелерімен расталды. Сараптама қорытындысы бойынша Жамбыл облысының тұрғыны автокөлікті мас күйінде басқарған. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Басқа жағдайда, бірнеше сағаттан кейін облыс орталығында сағат 03.30-да Б. Жырау-Едеге Би көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін байқап, тоқтатты. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, жүргізуші мас болған. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Осы факті бойынша Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Барлық материалдарды сот онлайн режимінде қарады. Әрбір жүргізуші 15 тәулікке дейін қамауға алынып, жүргізушілер 7 жылға куәлігінен айырылды.

Айта кетейік, биыл Павлодар өңірінде 1367 жүргізуші көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру