Павлодар облысында 62 жастағы отбасылық жанжалқор мас күйінде көлік айдаған
Павлодар облысында 62 жастағы отбасылық жанжалқор мас күйінде көлік айдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шалдай ауылының тұрғыны полицияға жүгінді. Ұрыстан кейін оның бірге тұратын адамы жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, тыныштықты бұзғанын айтты.
Аталған мекенжайға келген учаскелік полиция инспекторы екі тарапты да тыңдап, 62 жастағы отбасылық жанжалқорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
Бірақ тәртіп бұзушы бұған көнбеді. Ол мас күйінде көлікке отырып, ауыл аралауға шыққан кезде полиция қызметкерімен ұсталды. Куәландыру жүргізушінің мас болғанын растады.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіде көліктің Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелмегені анықталды. Тәртіп сақшысы жүргізушіге қатысты мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБК 590-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасады, материалдар сотқа жіберілді.