Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 67 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодар облысында жыл басынан бері 67 адам жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көбінесе жүргізушілер жолдың қарсы жолағына шығып, маневр жасауға тыйым салынатын жолақты немесе белгіні байқамай басып озады. Қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін өрескел бұзушылықтардың бірі болып табылады. Мұндай қасақана бұзушылық үшін жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Мәселен, 2021 жылдың басынан бері 67 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылып, алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Егер автоәуесқой бір жақты қозғалыспен көшеге шықса, онда құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бұзушылық үшін айыппұл салынады. Павлодар облысында мұндай жүргізушілер саны – 3 941 адам, – деп түйіндеді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол қозғалысының тәртіпсіз қатысушылары құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 51 мыңнан астам адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған.

Полицейлер тұрғындардың назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ  балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында мүмкіндігінше мұқият болуларына көңіл аударады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру