Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы заңсыз келімсектерді іздеуде

Алматы полициясы заңсыз келімсектерді іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматыда “Келімсек” жалпыреспубликалық жедел-алдын-алу іс-шарасы басталды. Іс-шара 7 маусымда басталды және 16-ын қоса алғанда жалғасады.

– Сонымен қатар бұл іс-шара шетелдіктердің біздің елдегі құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. ЖАІ-ның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша шаһарда барлығы 166 көші-қон заңнамасын бұзушылар анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 16 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 86 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін отандастарымыздың ішінен 72 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 8 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру