Павлодар облысында 685 адам коменданттық сағатты бұзғаны үшін ұсталды
Павлодар облысында 685 адам коменданттық сағатты бұзғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел іс-әрекеттерінің арқасында құқық бұзушылар қамауға алынып, барлық бейнежазбалар зерттелді. Әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасының заңына сәйкес іс қозғалды.
Шектеу шараларына қарамастан, заң бұзушылар бар. Осылайша, полиция қызметкерлері 1 555 құқық бұзушыны ұстады. 870 адам ҚР бейбіт митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларға қатысты 488-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, төрт шетелдікке қатысты 488-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, елден тыс жерлерге шығарылды.
Нәтижесінде, 327 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды, барлығы Павлодар қаласының арнайы мекемелеріне қамалды. 288 тәртіп бұзушының әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
685 адам мен 349 автокөлік коменданттық сағатты бұзғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.
5 қаңтардан бастап Полиция департаментінің 100% жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режимінде жұмыс істеуде. Периметр бойынша блок-посттар қойылған, облысқа кіру және шығу бағыты шектелген. Блок-посттар арқылы 25 046 автокөлік өткізілді, оның ішінде 44 974 адам болды. 372 көліктің және 876 азаматтың кіруіне және шығуына рұқсат жоқ.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері жалға берілетін 564 пәтердің 527-сін тексерді. Нәтижесінде, жалға алушылар мен жылжымайтын мүлік иелері туралы толық ақпарат алынды.