Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының әкімі ауруханада жатқан сарбаздардың жағдайын білді

Қызылорда облысының әкімі ауруханада ем алып жатқан сарбаздардың жағдайын білді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала нысандарын аралау барысында облыстық медициналық орталыққа барып, онда ем алып жатқан террористік шабуылдан жарақат алған сарбаздардың жағдайын білді.

Аймақ басшысы ауруханада ем алып жатқан бес полиция және әскери қызметшінің жағдайын сұрады.

– Қадірлі сарбаздар, сіздер мемлекетімізді сақтап қалуда табанды еңбек етіп, анттарыңызға берік, Отанға деген адал қызмет атқарудың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Сындарлы сәтте ұлт мүддесін қорғап, аса батылдықпен, жанкештілікпен тұрғындардың қауіпсіздігін қорғап қалу – ерлік пен азаматтықтың айқын дәлелі. Жауынгерлеріміз соғыс кезінде де, бейбіт заманында да азаматтық парызын аса жауапкершілікпен атқарып жүргеніне тағы да көзіміз жетті. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Тезірек сауығып, қызметке оралуларыңызды тілеймін. Осындай ержүрек ұл тәрбиелеген ата-аналарыңызға да рақмет, оларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова ақ халаттылардың төтенше жағдайдағы еңбегін жоғары бағалап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 5 қаңтардан осы кезге дейін облыстық көпбейінді ауруханада 204 тұрғын медициналық көмекке жүгінсе, 48 науқас ем алуда, тоғыз науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.                                                  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру