Павлодар облысында әйелді алабайдан қорғау үшін полиция қызметкері қару қолданды
Павлодар облысында әйелді алабайдан қорғау үшін полиция қызметкері қару қолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қараша күні сағат 20.20-да полицияға Шарбақты ауданының Александровка ауылында қарғыбауы жоқ және тұмылдырықсыз алабай тұқымды ит жүргені туралы хабарлама келіп түсті.
– Аталған ауылдың учаскелік полиция инспекторы шақыртуға дереу жетті. Оқиға орнында учаскелік полиция қызметкері Талғат Смақов жағдайды бағалады. Ит өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға, балаларға қарай жүгірген. Ауыл тұрғынын ашулы иттен құтқару үшін учаскелік полиция қызметкері табельдік травматикалық қаруды қолданды. Себебі әйел балаларын қорғап тұрған кезде ит шабуылдап, әйелдің қолынан тістеп алған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тапанша атылғаннан кейін ғана ит өтіп бара жатқан адамдардан артта қалып, қашып кеткенін атап өтті. Итті серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.