Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да баласына алимент төлеуден жалтарған әке анықталды

Шығыс Қазақстан облысында баласына алимент төлеуден жалтарған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Аягөз қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлемей жүрген 34 жастағы алимент төлеуден жалтарған азаматқа іздеу жариялау туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Әкесінің баласына 700 мың теңге қарызы жиналып қалғаны белгілі болған.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру ісін ашпай, құқық бұзушының Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтады. Азаматқа қатысты жиналған материал ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 300-ден астам алимент төлемеген анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру