Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауылдасының малын жымқырған күдікті анықталды

Павлодар облысында ауылдасының малын жымқырған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Баянауыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нығметолла Аббасов аудан тұрғындарын қабылдады.

Қызылтау ауылдық округінің Ликер ауылының бір тұрғыны полицейден бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жылқысын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Аудандық полиция бастығының тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін топ құрылып, нәтижесінде полицейлер мал ұрлығына күдіктіні анықтады. Ол сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар ішінара тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру