Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ұрылар көпқабатты үйден 4 бейнебақылау камерасын үптеп кеткен

Теміртауда ұрылар көпқабатты үйдің дәлізінен төрт бейнебақылау камерасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне телекоммуникация саласының басшысы арызбен шағымданып, белгісіз біреу төрт көпқабатты үйдің дәлізінен төрт бейнебақылау камерасын ұрлап кеткені туралы арызданған. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қос азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру