Павлодар облысында балаларға алимент төлемеген 182 борышкер жауапқа тартылды
Павлодар облысында балаларға алимент төлемеген 182 борышкер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының Полиция департаменті алимент төлемей жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау жұмыстарына ерекше назар аударады. Тұрақты негізде өздерінің кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
– Құқық қорғау органдарының сақшылары Павлодар облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Павлодар облысының Әділет департаментімен және Прокуратурамен өзара іс-қимыл кезінде жылдың басынан бері облыс бойынша мамандандырылған тұраққа 57 автокөлік қойылды, оның ішінде 37-сі атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет кірісіне және 20-сы алимент бойынша. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБтК-н34 669-бабы бойынша балаларына алимент төлемеген 182 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық жауапкершілікке 12 борышкер тартылды, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Полицияның өкілеттігі іздестірілушінің орналасқан жері анықталғанда және оның сот орындаушысына келу міндеттемесінде аяқталады. Өндіріп алуды сот органдары жүргізеді.
Егер көші-қон қызметі бір ай ішінде алимент жасаушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, өндіріп алушының талап етуі бойынша тиісті құжат беріледі, оның негізінде әлеуметтік қамсыздандыру органдары борышкерді іздестіру кезеңінде балаларды күтіп-бағуға уақытша жәрдемақы төлейді.