Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда лифт есігін сындырған ер адам айыппұл арқалады

Атыраулық полицейлер лифт есігін сындырған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 желтоқсан күні №14 учаскелік полиция бекетіне Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұратын 33 жастағы тұрғын келіп, 25 желтоқсан күні сағат 23:45 шамасында өздері тұратын үйдің лифт есігін белгісіз ер адамның теуіп, сындырып кеткендігі жөнінде арызданған.

Полицейлер аталған дерек бойынша бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеп, лифт есігін сындырған сол үйде тұратын 33 жастағы азаматты анықтады. Ол өзінің ашу үстінде тұрған кезінде жедел сатының есігін сындырғанын айтып, өз кінәсін мойындаған.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, лифт есігі жөнделіп, қайта орнына келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру