Павлодар облысында белгіленбеген уақытта алкогольді сатқан дүкен сатушысы анықталды
Павлодар облысында белгіленбеген уақытта алкогольді сатқан дүкен сатушысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 9410-нан астам фактісі тіркелді, оның ішінде 168 бұзушыға қатысты белгіленбеген уақытта алкогольді сатқаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды, 9138 бұзушы қоғамдық орындарда алкоголь ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
– Мәселен, 7 қаңтарда Павлодар ауданы ауылдарының бірінде учаскелік полиция қызметкері рейдтік іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Сатушы белгіленбеген уақытта 0,5 литрлік арақ бөтелкесін сатқан. Осы факт бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Әкімшілік материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Сонымен қатар кейбір сауда нүктелерінің иелері алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы жоқ алкогольді заңсыз сатты. Биыл тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) осындай 104 фактіні анықтады.