Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өткен жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 118 келіге жуық есірткі алынды

Өткен жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 118 келіге жуық есірткі заты алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың 12 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 28-і есірткі затын сату, 19-ы есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 43-і сора өсімдігін егу және есірткіні жарнамалаудың 6 дерегі болған.

Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 116 дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан барлығы 118 келіге жуық есірткі заты алынды, оның 7 келі 307 грамы – гашиш, 1 кг синтетикалық заттар, қалғаны сора өсімдігі.

Нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан алдын алу жұмыстары іске  асырылып жатыр. Облыс  көлемінде  жалпы 362 профилактикалық іс-шара өткізілді. Ұйымдастырылған барлық іс-шараға 64 мыңға жуық адам қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру