Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жеңіл көлік қоғамдық көлікпен соқтығысып қалды

Түркістанда жеңіл көлік қоғамдық көлікпен соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтар күні таңғы сағат 09:00 шамасында Түркістан қаласының орталық көшесінде жол көлік оқиғасы болды.

Нақтырақ айтсақ, қоғамдық көлік жүргізушісі Б. Саттарханов көшесінде өз бағытымен, бағдаршамның жасыл түсімен келе жатқан. Осы сәтте Жібек жолы көшесіне бұрылып жатқан Opel Vectra көлігімен соқтығысып, жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Ал жол ережесін бұзған Opel Vectra жүргізушісіне Түркістан қалалық Полиция басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды. 

Осы ретте облыс полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды ескертіп, жылдамдықты асырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру