Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында бидайды заңсыз тасымалдаудың 7 фактісі тіркелді

Павлодар облысында бидайды заңсыз тасымалдаудың жеті фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астықты ұрлау, қорқытып алу және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге контрабандалық жолмен әкету фактілерінің жолын кесу мақсатында 20 тамыз бен 1 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында «Егін» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Бұл кезеңдегі полицияның міндеті – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, жолын кесу. Шара өткізу барысында полиция қызметкерлері көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп астықты, бидайды артық тиеп және ілеспе құжаттарсыз тасымалдаудың 7 фактісін анықтады.

Мысалы, 6 қыркүйек автожолда полиция қызметкерлері КамАЗ автокөлігін тоқтатты, шанағында 18 тонна орнына 28 тонна астық болды. Жүргізуші түсіндіргендей, ол астықты Ресей Федерациясынан Железин ауданына апарады.

Басқа жағдайда жүргізуші Успенкадан Павлодар қаласына бидай тасымалдады, сондай-ақ ілеспе құжаттарсыз. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 571-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру