Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы Полиция департаментінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды

Атырау облысы Полиция департаментінде ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жолдауын жолдады. Жолдау барысында Президент жеті негізгі бағыт түрінде алдағы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басым мақсаттарын белгіледі.

Жолдау жүктеген келелі мәселелерді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев ПД қызметтері, аумақтық бөліністері басшыларының қатысуымен кеңінен талқылады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауының алтыншы бағытындағы Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау мәселелері аясында құқық қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістерді атап өтті. Бұл үш буынды модельді енгізу арқылы қылмыстық процесске қатысушыларды қорғауды күшейту. Ішкі істер органдары бірқатар бейінді емес функциялардан босатылды. Учаскелік инспекторлардың мәртебесі артты. Бірқатар өңірлерде полицияның сервистік моделі бойынша пилоттық жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысын және бұл үрдіске жергілікті билік органдарын тартудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі күні Атырау облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында 92 учаскелік полиция пункті қызмет атқарады, олардың барлығы дерлік қызметтік автокөліктермен және қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің қолдауымен 24 полиция пункті учаскелік полиция инспекторының тұрғын-жәйімен біріктірілген. Алдағы уақытта тұрғын-жәйімен біріктірілген осындай сегіз учаскелік полиция пунктін ашу жоспарлануда.

Полицияның қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың, ПИК ұйымдарының WhatsApp чаттарында қосылған.

– Азаматтар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тәулік бойы демалыссыз қызмет ететін Атырау қаласында – жеті, Құлсары қаласында бір станционарлық бекет тұрғындардың тыныштығын қадағалау мақсатында жұмыс істейді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Атырау облысы аумағында қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың, қарақшылық, бұзақылық, тонау қылмыстарының саны азайды. Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар адам құқықтарын қорғауға бағытталған елдің стратегиялық бағытының құрамдас бөлігі болып табылады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру