Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтан тіркелмеген пневматикалық тапанша тәркіленді

Қалтасында заңсыз заттар сақтаған павлодарлықтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйек сағат 18.30-да “Строитель” бағбандық саяжай массивін патрульдеу барысында атты полиция қызметкерлері белгілі тұрғылықты жері жоқ 28 жастағы жас жігітті ұстады, оның қалтасында пневматикалық тапанша тәркіленді, ол ІІО-да тіркеуде болмаған. Қазақстан Республикасы ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Сол күні Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері Абай көшесіндегі үйдің ауласында патрульдеу кезінде 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тұрғыннан сұр-жасыл түсті заты бар орама табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің, сақтаудың немесе тасымалдаудың 28 фактісін, сондай-ақ есірткі заттарымен заңсыз айналысудың 77 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру