Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар баланы ата-анасына тауып берді

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар баланы ата-анасына тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы адам көп шоғырланған саябақта 3 жасар баласын таба алмай қалған ата-анасы полиция бекетіндегі полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Ата-анасының айтуынша, ұлы ойнап жүріп, адасып қалған.

Қызметтерін атқарып жүрген Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері болған жайтқа бірден назар аударып, баланы табуға көмектескен.

Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырып, бір сағаттың ішінде баланы жақын маңдағы ойын алаңынан тапқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру