Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында биыл жаяу жүргіншілердің қатысуымен 41 ЖКО тіркелді

Павлодар облысында биыл жаяу жүргіншілердің қатысуымен 41 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы пайдаланымдағы жолдарда жаяу жүргіншілердің тәртібін, сондай-ақ жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында 24 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында «Назар аудар – жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі.

– Статистика көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жүргізушілер де, рұқсат етілмеген жерде жолдан өтетін жаяу жүргіншілердің өздері де кінәлі. Мұндай бұзушылықтар адамдар көп жиналатын жерлерде байқалады. Жыл басынан бері ғана өңірде жаяу жүргіншілердің кінәсінен 41 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды. Павлодар полицейлері белгісіз жерде жолды кесіп өткен 2961 жаяу жүргіншіні жазалады, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Полицейлер жаяу жүргіншілерді тек жаяу жүргіншілер өткелдерінің әрекет ету аймағында және бағдаршамның рұқсат беру сигналына өтуге, жақын келе жатқан көлік құралының алдындағы жолды кесіп өтпеуге шақырады. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде ерекше назар аударуы керек, жылдамдықты алдын ала төмендетіп, жаяу жүргіншілерді жаяу жүргіншілер өткелдерінен өткізіп жіберуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру