Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

150-ден астам ақмолалық оқушы ІІМ жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен танысты

Ақмола облысында 150-ден астам оқушы ІІМ жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен танысты деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаменті кадр саясаты басқармасының қызметкерлері облыс орталығының әлеуетті студенттерін ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарына түсу перспективасын қарауға шақырады.

Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин оқу орындарына түсу шарттары мен ережелерін түсіндіріп, оқу процесінің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ әлеуетті кандидат сәйкес келуі тиіс негізгі өлшемшарттарды атап өтті. Кездесуде полицияның кадр офицерлерін даярлауды Алматы, Қостанай және Қарағандыда орналасқан ҚР ІІМ үш академиясы, сондай-ақ ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты жүзеге асыратындығы туралы айтылды.

Бақытжан Ералин оқу орындарына түсу шарттары мен ережелерін түсіндіріп, оқу процесінің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ әлеуетті кандидат сәйкес келуі тиіс негізгі өлшемшарттарды атап өтті.

Ұзақ және қызықты әңгіме барысында балалар мемлекеттік үлгідегі жоғары білім туралы диплом алумен, полиция лейтенанты арнаулы атағын берумен қатар, оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестірілетінін, ал ІІМ жүйесінің білім беру мекемелерін бітірген адамдар ішкі істер органдарында жұмыспен қамтамасыз етілетінін білді.

Іс-шара соңында кездесуді ұйымдастырушылар жас қонақтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру