Павлодар облысында борышкерлерден 8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді
Павлодар облысында борышкерлерден 8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында Павлодар облысының аумағында 22 желтоқсанда "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Полицейлер әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар құқық бұзушыларды, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша пәтерлерді аралап шығуды ұйымдастырды.
- Нәтижесінде, борышкерлерден 8 млн. теңгеден астам қаражат өндіріп алынды. Тұрғылықты жері бойынша 3 мыңға жуық борышкер, жұмыс орны бойынша 1 млн. теңгеден астам сомаға 85 қаулы жіберілген. Сонымен қатар, 12 көлік арнайы тұраққа орналастырылды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бақыбай Ахмедиянов.