Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да аудан тұрғыны мылтықты үйінде заңсыз сақтаған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны мылтықты заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тарбағатай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жедел уәкілдерге аудан тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Келіп түскен сигналды тексеру барысында 51 жастағы ер адам анықталды, оның тұрғылықты жерін тексеру барысында үйінен мылтық табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат калибрі 5,6 мм “ТО3-16” ойық атыс қаруы болып табылады.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – дейді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру