Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 10 жасөспірімді анықтады

Шымкенттік полицейлер түнде жүрген 10 жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Қаратау АПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 22 желтоқсан күні рейдтік жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде, заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған 10 жасөспірім мен бір ойынхана иесі анықталды.

Атап айтқанда, 23:00-ден кейін көшеде жүрген тоғыз жасөспірімнің ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-тармағы бойынша (Сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз), сағат 22:00-ден кейін ойынханада жүрген бір жасөспірімнің ана-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-тармағы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі) бойынша және бір ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-тармағы (Кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейiн заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шара қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру