Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында елде болу ережесін бұзған 75 азамат жауапқа тартылды

Павлодар облысында елде болу ережесін бұзған 75 азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық көші-қон қызметі хабарлағандай, 20-28 ақпан аралығында қала аумағында республикалық «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

– 20 ақпан күні Павлодар облысының аумағында басталған «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күнінде полицейлер 75 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін ТМД-ның 46 шетелдік азаматы және Қазақстан Республикасының 29 азаматы, 4 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің орынбасары Гомар Шабиденов.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 4 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 25 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 21 ақпанда «Мигрант» ЖАІШ өткізу барысында Тереңкөл ауылында полицейлер көшіп келген, тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 61 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сол күні осындай Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы тиісті рұқсат алмай еңбек қызметін жүзеге асырған факті Аққулы ауданы ауылдарының бірінде анықталды. Айта кету керек, ол заңсыз жұмыс істеп қана қоймай, елде заңсыз болған және кетуден жалтарған. ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі мен 4-бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елден тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде жаза қолданылды.

Полицейлер бұл іс-шара өңір аумағында 28 ақпанға дейін жалғасатынын еске салып, елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру