Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ер адам 24 қап күнбағыс ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодар облысында ер адам 24 қап күнбағыс ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстардың көпшілігі пайдакүнемдік бағытқа ие, өйткені олар басқа адамдардың меншігіне қол сұғумен байланысты.

Мәселен, 12 желтоқсанда Тереңкөл ауданының патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу кезінде Ертіс өзені жағынан фараларын қоспай жүріп келе жатқан Audi-100 автокөлігін тоқтатты, жүксалғышы да ашық тұрған болатын.

– Автокөлікті тексеру кезінде полицейлер салон мен жүксалғыштың іші қаптармен лық толтырылғанын көрді. Жүргізуші өзен жағасында күнбағыс тұқымдары салынған қаптарды тауып алып, оларды үйіне апара жатқанын түсіндірді. Мән-жайды одан әрі анықтау үшін, ауыл тұрғыны мен күнбағыс дәні салынған 24 қап Тереңкөл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ер адам күнбағыс тұқымы салынған қаптарды ЖШС-нің бірінен еркін қол жеткізу арқылы ұрлап алып шыққаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру