Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жазасын өтеушілер үшінші рет екпе алды

Жамбылда жазасын өтеушілер үшінші рет екпе алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайта вакцинациялау жұмыстары Таразда қаласындағы түзету мекемелерінде де жүргізіліп, сотталғандар екпе қабылдады.

Тоғыз ай бұрын “Спутник V” вакцинасын алған жазалы жандарға бұл жолы “QazVac” вакцинасы салынды.

– ҚР Бас санитар дәрігерінің №49 қаулысына сәйкес 22 қарашадан бастап елімізде ревакцинация басталды. Қазіргі таңда 78 сотталған азаматқа үшінші рет екпе салынды. Қоғам арасында вирустың таралуын төмендету мақсатында, сонымен қатар індеттен қорғанып, пандемия ертерек аяқталуы үшін екпе еккізу баршамыз үшін маңызды, – деді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру