Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұзақылар екі ақмолалықты ұрып-соғып, киімдерін алып кетті

Бұзақылар екі ақмолалықты ұрып-соғып, киімдерін алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 желтоқсанда сағат 12.13-те Астрахан ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Өтініш беруші 22 желтоқсанда оған және оның ағасына белгісіз адамдар дене жарақатын салып, джинсы шалбар мен ерлердің аяқ киімін ұрлап әкеткенін айтты. Залал сомасы белгіленеді.

Күдіктілердің жеке басын анықтау және оларды ұстау үшін полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық аумақты және бейнебақылау камерасының жазбаларын тексеріп, ықтимал куәлардан жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы Нұр-Сұлтан қаласы мен Астрахан ауданының тұрғындарын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру