Павлодар облысында ер адамнан заңсыз қару тәркіленді
Павлодар облысында ер адамнан заңсыз қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Демалыс күндері азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақсу өңірінде рейдтік іс-шаралар өткізілді.
– Құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі бағыттарының бірі – полицияның қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау және тұтастай алғанда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болмақ. Сондай-ақ, полицейлер полицияның әртүрлі есептерінде тұрған адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Демалыс күндері көшелер мен аулалардың, саябақтардың, скверлердің аумақтарын патрульдеу, мекен-жай бойынша тексеру күшейтілді, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Темірбек Шаудыров.
Мысалы, 27 қаңтарда Камзин көшесінде тұратын иесінде атыс қаруының иелерін тексеру кезінде, атыс қаруын сақтау ережелерін бұзу анықталды. Қаруды сақтауға арналған сейфте қала тұрғыны бөгде заттарды да сақтаған.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі (Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ТОЗ-34 және Мозберг маркалы мылтықтар тәркіленді, иесі құжаттарды қайта тапсыруға жіберілді. Барлығы екі күн рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері 58 құқық бұзушылықтың жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.