Павлодар облысында ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды
Павлодар облысының Полиция департаментінде ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен департамент бастығының орынбасары Рүстем Тұңғышбаев және облыс ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Абзал Жұмкенов марапатталды. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Вячеслав Ипатов, Тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Данияр Ыдырысов марапатталды.
«Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық белгісімен департаменттің автошаруашылық бастығы Серікбай Елемесов марапатталды.
ІІМ Құрмет грамотасына Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Ерік Нұрғожин, Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Айнұр Батырханова ие болды.
ІІМ грамотасымен департамент автошаруашылығы бастығының орынбасары Берік Қабылманов марапатталды.
Облыстық полиция басшысы Василий Скляр әріптестерін лайықты наградаларымен құттықтап, бұл жоғары баға олар үшін жаңа табыстар мен жетістіктерге ынталандыратынына сенім білдірді.
– Әр бөлімшенің өзіндік ерекшелігі бар, бірақ біз бірге ортақ іс жасаймыз – қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, азаматтарымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаймыз, – деп атап өтті Василий Скляр.