Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ПД жанындағы ККО отырысы өтті

28 желтоқсанда Полиция департаментінде Шығыс Қазақстан облысы ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Кездесуге ШҚО ПД бастығының орынбасары  Ринат Унарбеков және ШҚО ПД ККО төрағасы К.К. Рахимбердин қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық Ауған соғысы ардагерлері одағы төрағасының бірінші орынбасары, ШҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшесі Самылтыров Мұхамед Әли Айтбекұлын бір минут еске алумен басталды.

Айта кетейік, консультативтік-кеңесші орган Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жұртшылықтың облыс Полиция департаментімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Отырыста облыс орталығының сол жағалауындағы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Осы тақырыпта Өскемен қаласы ПБ Солжағалау полиция бөлімінің бастығы Руслан Нұрсапанов баяндама жасады. Сондай-ақ кездесу барысында ШҚО ПД ӘПБ арнайы мекемелер мен айдауылдар бөлім бастығы Асан Темірхановтың ШҚО ПД (УҰИ, АҚО, ҚБО) арнаулы мекемелерінде адам құқықтарын сақтау мәселесі туралы ақпараты тыңдалды.

ККО мүшелері өткен жылдың қорытындысына оң баға берді. Қоғамдық ұйымның құрамын бекітіп, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру