Павлодар облысында гербицид ұрлаған күдікті ұсталды
Павлодар облысында гербицид ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 шілдеде Железин аудандық полиция бөліміне шаруа ауылдағы қожалықтарының біріне жетекшілік ететін аудан тұрғыны гербицидтердің ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Кәсіпкердің айтуынша, белгісіз біреу шаруа қожалығының қоймасынан еркін кіріп, көлемі 40 литрлік “Ураган гербицидті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 288 000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері жоғарыда аталған шаруа қожалығында жұмыс істеген күдіктіні анықтады. Ер адам гербицидтерді күндіз далаға шығарып, түнде үйіне тасып апарған. Ұрланған заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.