Павлодар облысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды
Павлодар облысында іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыскерлерді Павлодар облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында іздестірді.
– Тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстап, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-на қамады. Ол 2019 жылы Екібастұз сотының үкімімен аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Бұдан басқа, Ресей Федерациясының ҚК 157-бабы бойынша Қазақстан Республикасының айыпталушы азаматының тұратын жері анықталды. Ресей ІІМ Новосібір қаласы бойынша іздеу бастамашысына хабарланды, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Сонымен қатар, Железин ауданының полиция қызметкерлері Лесное ауылында Ресей Федерациясының аумағында ұрлық жасағаны үшін іздеудегі қылмыскерді анықтады.
Павлодарда абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖКО жасаған 45 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам Ресей Федерациясының Новосібір облысында іздеуде болған. Бұдан басқа, 2021 жылғы 16 наурызда өзінің туған күнінде үйінен хабар-ошарсыз кеткен адамның тұратын жері анықталды. Ол ер адамның алкогольдік ішімдік ішетіндігі анықталды. Қазіргі уақытта ер адам әпкесіне тапсырылды.
Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда.