Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тыйым салынған құралдармен балық аулаған үшеу ұсталды

Түркістан облысында тыйым салынған құралдармен балық аулаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері, Түркістан облысы ПД ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері, “АСОББШИ” бөліміне қарайтын Түркістан балық шаруашылығы инспекциясы бөлімі, ТОАЖБҚ жедел тобы мен Түркістан қалалық АЖБҚ жедел тобының қорықшыларымен бірлесіп “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізуде. Осы бағыттағы тексерудің нәтижесінде, тыйым салынған “Электро” қармағымен балық аулаған үш бірдей Түркістан қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) тіркелді.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Кентау қаласы Яссы ауылдық округіндегі орналасқан Маслихат көлінің жағасында балық аулап жүрген үш ер адамды байқап қалады. Табиғат қорғаушыларын көрген тұрғындар бірден балық аулап жүрген құралдарын жинастырып, өздерінің басқаруында болған ВАЗ 2106 көлігімен оқиға орнынан қашпақ болады. Алайда көліктің алдынан тәртіп сақшылары шығып, ішіне тінту жұмыстарын жүргізеді. Содан автокөліктің жүк салғышынан бір дана резиналық үрмелі қайық, бір дана тоқ күшейткіш (преобразаватель), жалпы салмағы алты келі заңсыз ауланған балық алынды. Заңмен тыйым салынған құралдарды пайдалана отырып, заңсыз балық аулаушылардың бас шарасы – қолхатта.

Атап өтейік, балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында, Түркістан облысында “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алуға бағытталған. Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру