Павлодар облысында кезекті мас жүргізуші ұсталды
Павлодар облысында кезекті мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында Май ауданының полицейлері түнде 34 жастағы ауыл тұрғынының басқаруымен Audi автокөлігін тоқтатты, оның жүргізілуі полицейлерге күдік туғызды. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам есірткіге мас болған. Сондай-ақ құқықсыз автокөлікпен жүру фактісі анықталды.
Тәртіп сақшылары 2020 жылдың маусым айында сот 3 жыл мерзімге мас күйінде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады. Ер адам қайтадан мас күйінде рөлге отырған. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
– Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Май ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов.