Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Екібастұзда полицейлер егде жастағы әйелге шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда сағат 17:45 шамасында Екібастұз қаласының полиция бөліміне 70 жастағы әйелден Б.Момышұлы көшесінде белгісіз біреудің оның қолынан сөмкесін жұлып алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жәбірленуші жасына және күйзелісіне қарамастан, күдіктінің киімін – үстінде қара күрте, қара шалбар болғанын есіне сақтады, бұл шабуылдаушыны тез арада анықтауға көмектесті.
Полиция басқармасының жеке құрамы дереу ұстауға бағытталып, көрсетілген жерге жақын маңдағы автопатруль жіберілді.

– Сағат 18:00 шамасында рота командирінің орынбасары Ермат Айтмағанбетов қылмыс орын алған жермен бір аумақтағы мектептің ауласынан полиция қызметкерін көріп, жасырынуға тырысқан бағдары жағынан ұқсас адамды байқады. Полиция қызметкері ер адамды ұстады. Оның қолында 520 теңге сомасында қаражат, карточкалар, телефон және кілттер салынған әйелдің сөмкесі болды. 27 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тексеріс жүргізілуде, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Күсембеков.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын нақтылады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – тұрғылықты жерінен кетпеу туралы қолхат алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру