Павлодар облысында көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Павлодар облысында көлік басқарған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2150 заңды өкіл кәмелетке толмаған балаларының түнде үйден тыс жерде болғаны үшін жазаланады. Облыстың ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізеді.
– Мысалы сағат 01:00 шамасында Май ауданының полициясы ауылда 15 жастағы кәмелетке толмаған бала басқарған Niva автокөлігін тоқтатты, бұл ретте жасөспірімде басқару құқығы болмаған. Құқығы жоқ адамға көлікті басқаруға жол бергені үшін, сондай-ақ ұлының түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін әкесіне қатысты 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік материал жасалды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғылықты жерінен тыс жерде болғаны үшін екі жасөспірімнің заңды өкілдері де жазаланды, олар түнгі уақытта досымен бірге көлікпен қыдырып жүрген.