Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысы ПД студенттер арасында есірткіге қарсы бейнеролик байқауын өткізді

Жетісу облысы ПД студенттер арасында есірткіге қарсы бейнеролик байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында “Біз есірткісіз болашақты таңдаймыз” тақырыбында бейнероликтер конкурсын ұйымдастырды. Байқау Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – саналылыққа, патриотизмге, ақыл-ой күшін тәрбиелеу, сонымен бірге салауатты өмір салтын насихаттау.

Байқау қорытындысы бойынша І және ІІ орынды Заң факультетінің 4 курс студенттері иеленді, ал III орынды Халықаралық құқық және құқықтану факультеттерінің бірінші курс студенттері ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру