Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды
Павлодар облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қарашада сағат 00.30 шамасында Ақсу қаласында Қамзин көшесіндегі 18 үйдің ауласында полиция қызметкерлері 31жастағы жүргізуші ұсталды.
– Анықталғандай, ол AUID-80 көлігін мас күйінде басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысы мұны растады, – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Сондай-ақ тексеру барысында жүргізуші бұрын мас күйінде жүргені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шешім қабылдау үшін Ақсу қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға жіберілді.
Айта кетейік, Павлодар облысында биылғы жылдың басынан бері 1265 мас жүргізуші жауапқа тартылды.