Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда алаяқтық қылмысының үш дерегіне  қатысы бар  бойжеткен анықталды

Түркістанда алаяқтық қылмысының үш дерегіне  қатысы бар  бойжеткен анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс бойжеткен алдап кеткен. Яғни, алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 20 млн теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 6 млн теңге ақша алған. Алайда арада алты айдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті бойжеткен тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, сезікті оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдіктінің жалпы үш жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 8 миллион теңгені құрады. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда бойжеткен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру